Қазақстандық гимнаст халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды
Қазақстандық гимнаст халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды
Грекия астанасы Афины қаласында өтіп жатқан "Афродита кубогі" халықаралық турнирінде қазақстандық Айбота Ертайқызы сәтті өнер көрсетті деп хабарлайды Olympic.kz.  Айбота жекелей сын мен көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ол доппен жаттығудан 19,4, таспаммен жаттығудан 18,4, шығыршықпен жаттығудан 21,8, ұршықпен жаттығудан 17,5 ұпай жинады. Осылайша, қазақстандық гимнаст халықаралық бәсекені төрт алтынмен аяқтап отыр.