Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы келесі кездесуін қашан өткізетінін хабарлады
Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы келесі кездесуін қашан өткізетінін хабарлады
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов келесі кездесуін 4 желтоқсан күні өткізеді. Жекпе-жек Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында  UFC Fight Night 199 турнирінде өтеді. Отандасымыздың қарсыласы - жапониялық Rizin fighting federation ұйымының чемпионы Манель Капе. Бұл Жұмағұлов үшін UFC ұйымындағы жаңа келісімшарты бойынша өтетін бірінші кездесуі болады. [caption id="attachment_163222" align="alignnone" width="751"]UFC Фото:[/caption] Жұмағұлов соңғы кездесуін шілде айында Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC 264 турнирінде өткізіп, Джером Ривейраны жеңді. Содан соң отандасымыз жаңа келісімшарт жасады. Енді ол жаңа келісімшарт бойынша төрт кездесу өткізеді.