Бауырлас елдердің байланысы
Бауырлас елдердің байланысы
229
оқылды

Қазақстан Президенті Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентопты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде құбылмалы жағдай қалыптасса да, түркітілдес мемлекеттері ынты­мақ­тастығының өте маңызды екенін атап өтті. – Әлемдегі құбылмалы жағ­дайды ешкім дөп басып, болжай алмай отыр. Осыған қарамастан біздің елдеріміз арасындағы қа­рым-қатынастар ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара сенімге, достыққа негіз­дел­ген, – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев Түр­кияның халықаралық арена­да­ғы беделінің артып келе жатқа­нына тоқталып, бауырлас елдің же­тістігіне қуанатынын жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы екі ел арасындағы ынтымақ­тастықтың болашағын жоғары бағалады. Мұстафа Шентоп Қазақстанға жасаған сапары аясында қабыл­дағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердо­ғанның сәлемін жеткізді. Сон­дай-ақ ол әлемдік пандемияға байла­ныс­ты бетпе-бет кез­де­сулердің шектелгеніне қара­мастан, екі ел­дің қарым-қаты­насы жоғары деңгейде екенін атап өтті. – Қараша айында біздің елде өтетін Түркі кеңесі елдерінің сам­митінде түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жөнінде бірқатар маңыз­ды шешім қабылданады деген үміттеміз. Өзіңізді сол саммитте күтеміз, – деді Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы.