8 айда атқарылған жұмыстар баяндалды
8 айда атқарылған жұмыстар баяндалды

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы өңірлік аграрлық секторды дамыту бойынша қоғамдық кеңестің Zoom платформасы арқылы онлайн отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облысында сүтті мал шаруашылығын дамыту, Шемонаиха ауданында 600 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу, қуаңшылыққа байланысты жемшөпті субсидиялауда жүр­гізілген жұмыстар, несиелер мен инвестициялық субсидиялардағы пайыздық мөлшерлемені субси­диялау мәселелерін шешу бойын­ша атқарылған жұмыстар қаралды. Жиын барысында сондай-ақ об­лыстық Ауыл шаруашылығы бас­қармасы басшысының осы жыл­дың 8 айында атқарылған жұ­мыстар бойынша есебі тыңдалды. – Шемонаиха ауданында 600 басқа арналған сүт-тауар фер­масын салу – бұл «Nur Otan» пар­тиясының сайлауалды бағдар­ламасын іске асыруға арналған Жол картасының басым бағыт­тарының бірі. Кеңес мүшелері өңірлік Жол картаның аграрлық салаға қатысты бағыттарының уақытылы жүзеге асырылуын ба­қылауда ұстайтын болады, – деді қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Сүлейменов. Партияның сайлауалды бағ­дар­ламасының «Ауыл шаруашы­лығын дамыту есебінен ауыл тұр­ғындарының табысын артты­ра­мыз» бөлімі бойынша 8 айдың қорытындысы негізінде жоспар – 502 тұрақты жұмыс орны құ­рылды, агроөнеркәсіптік кешен­дегі еңбек өнімділігі 2021 жылдың 1 тоқса­нын­да жарияланған де­ректер бо­йынша 110,2%-ға, ұлғайды. – 2021 жылдың 8 айында шаруа­шылықтың барлық сана­тында статистикалық деректер бойынша 720,0 мың тонна сиыр сүті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4,6%-ға артық. Облыстың сүт-тауар ферма­ла­рымен биыл қаңтар-тамыз ай­ла­рында 72,2 мың тонна сүт өндірілді, бұл сүт өңдеу кәсіп­орындарын жүктеуді 68%-ға қам­тамасыз етті. Осы жылы 106,4 мың тонна сүт өндіру жоспарланып отыр, бұл жұмыс істеп тұрған сүт өңдеу кәсіпорындарының жүк­темесін 92%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. – Шемонаиха ауданында Каменев ауылдық округінің «Рулиха» ЖШС-де 600 басқа ар­налған СТФ құрылыс жұмыстары аяқталды. Сиыр қора, бұзау қора және сауу залы ғимараттары са­лынды. Сауу залы «параллель» авто­маттандырылған сауу қон­дыр­ғысымен жабдықталған. Жо­баның жалпы құны 2 765 миллион теңгені құрайды, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық Ауыл ша­руашылығы басқармасының басшысы В.Гайламазян.

Әбілмансұр ЖАСАН