88-ші маусым ашылды
88-ші маусым ашылды
183
оқылды

Құрманғазы оркестрі көрерменімен қайта қауышты. Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі 88-ші концерттік маусымын ашып отыр. Кеш ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тарих толқынында» деген атпен өтті.

Концертте Тәуелсіздікті насихаттайтын шығармалармен қатар классикалық туындылар орындалды. Сондай-ақ кешке келген көрер­мендер арасында ұтыс ұйым­дастырылып, жеңімпазға домбырашы әрі қолөнер шебері Жолаушы Тұрдығұловтың домбырасы табысталды. Оркестрдің тарихы 1934 жылдан басталады. Қазір ұжымда 100-ге тарта адам еңбек етеді. – Тәуелсіздігімізді жырлайтын осы көп туындыларды, классика­лық туындыларды сіздерге жақсы бағдарламамен ұсынып отырмыз. Бүгінгі концерттің ерекшелігі, әлем­ге танымал скрипкашы, дирижер Марат Бисенғалиев ағамыз келіп отыр. Марат Бисенғалиевті біз симфониялық оркестрлердің дирижері ретінде, камера оркес­трінің дирижері ретінде жақсы танимыз. Кітап палатасымен бірлесіп, «Мәңгілік елдің мұрасы» деген кітап көрмесін ұйымдас­тырып отырмыз, – дейді Құр­манғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі директорының орынбасары Алтынбек Ахметов.

 М.ТӨЛЕУ