28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: news.myseldon.com

Барлық аймақта жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында жел 23-28 м/с күшейеді. Қостанай облысында жел 15-23    м/с артып, облыстың оңтүстігінде найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-23 м/с жетеді. Күндіз Түркістан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, облыстың орталығында желдің күші 15-20   м/с артады. Шаңды дауыл тұрады. Қарағанды облысының батысында, шығысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Атырау облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, облыстың оңтүстік-батысында жел шаңды дауылмен болады. Алматы облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықта соғады, түнде және таңертең облыстың батысында және оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.