Ерікті өрт сөндірушілерге жеңілдік қарастыру керек – Үкімет басшысы
Ерікті өрт сөндірушілерге жеңілдік қарастыру керек – Үкімет басшысы
Фото: kazfire.kz
134
оқылды
«Мемлекет басшысы елімізде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарап, жүйелі проблемаларды шешу бойынша тиісті құжат қабылдауды тапсырған болатын. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әзірленетін Жол картасында өрт сөндіру бекеттерін техникамен уақтылы қамтамасыз ету, ерікті өрт сөндіруді дамыту, ерікті өрт сөндірушілерге арнайы кепілдіктер мен жеңілдіктерді ұлғайту мәселелерін қарастыруды тапсырамын», – деді Мамин. Сонымен қатар Премьер-министр жылу беру маусымында  өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейтуді тапсырды.

«Сондықтан Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге биыл 20 қазанға дейін Премьер-Министр Кеңсесіне Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасының келісілген жобасын енгізуді тапсырамын. Өңірлердегі әкімдіктермен бірге от жағу маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша тұрғындармен профилактикалық жұмысты күшейтсін», – деді Үкімет басшысы.