Полицейлер 30 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады
Полицейлер 30 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады
Фото: www.rbc.ru
145
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, Семейде полицейлер 30 жылға жуық Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарынан жасырынып келген сол елдің азаматын ұстады.

Іздеуде болған күдікті 1992 жылдың ақпанынан бастап адам өліміне қатысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған. Ол қаншама жылдар бойы бірге тұрған әйелге өзін жалған атпен таныстырып, өзі туралы шынайы деректерді жасырып келген.

ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов: «Қазіргі уақытта күдіктіні Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде», – деді.

Бұған дейін 20 жыл бойы Павлодарда жасырынып жүрген Ресей азаматы Павлодарда ұсталғанын жазған болатынбыз.