Алматыда көлік ұрлап, полициядан қашқан ер адам ұсталды – видео
Алматыда көлік ұрлап, полициядан қашқан ер адам ұсталды – видео
Фото: liter.kz
121
оқылды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

«Патрульдеу кезінде полицейлер күдік тудырған көлікті тоқтатты. Алайда, жүргізуші оны елемей қаша жөнелді. Полицейлер ізіне түсті. Ол жоғары жылдамдықпен келе жатып рөлді басқара алмай, Шығыс айналма автожолында келе жатқан көліктермен соқтығысты. Алған соққыдан көліктің қауіпсіздік жастығы іске қосылды. Жүргізуші есінен танып, ал оның аяғы газ педалінде қалды. Полицейлер көлік ұрлаған жас жігіттің өмірін сақтап қалу үшін әйнекті сындырып, оталып тұрған көлікті өшірді», – деді полицей.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін күдікті Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.