Агенттіктің хабарлауынша, шағын бір күндік фирмалардан басқа қолма-қол ақшаны заңсыз алу схемаларын ірі компаниялар да қолданады.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның лауазымды тұлғаларының қомақты қаражат жымқырмақ болғанын анықтады. Тергеу барысында 2017-2018 жылдары «ММГ» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Д.Бейсембин және оның орынбасары А. Дәуленбаева жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілеуші құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу бойынша қызмет көрсеткені үшін Д.Лисовой және А. Юндтпен жалған шарттар жасағандығы анықталды. Бұл ретте АҚ-ның 700-ден астам жылжымайтын мүлік объектісінің құжаттары Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған. Оны қалпына келтіру қажет болмаған. Құжаттардың көшірмелері тегін ұсынылады.Осылайша, АҚ шоттарынан қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында Д.Лисовойдың атына негізсіз 455 миллион теңгеден астам қаражат аударылды. Көрсетілген қызметтер үшін Д.Лисовой мен А. Юндт әрқайсысы 10 миллион теңге алған.
Кінәлілер 5 жылға бас бостандығынан айырылды.