Көлік жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті – видео
Көлік жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті – видео
Фото: polisia.kz
185
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, 14 бас қой өлді.

Есіл ауданы полиция бөліміне «Петропавл – Жезқазған» автожолында аудан орталығы Явленка селосының маңында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі бір отар қойды қағып кеткенін тұрғындар хабарлаған.

Daewoo Nexia-ның 51 жастағы жүргізушісі 41 жастағы жолаушысымен бірге Петропавл қаласынан Шал ақын ауданына бара жатқан. Жол апаты «Мал айдау» жол белгісіне таяу маңда болған. Апат салдарынан 14 қой өлді. Жүргізуші мен жолаушы аман.

Есіл ауданы ПБ бастығы Ерлік Есләмбековтің айтуынша, Daewoo Nexia жүргізушісі ішімдік ішпеген. https://youtu.be/ip04boxvgKM  

Жалпы, СҚО-да сегіз айда 100-ден астам жол апаты тіркеліп, салдарынан 20 адам қаза тапты. 149 адам жарақат алды.