«Батыр» спорт мектебінің шатыры опырылып ортасына түсті – видео
«Батыр» спорт мектебінің шатыры опырылып ортасына түсті – видео
Фото: Константин Шелков
196
оқылды

Төтенше жағдай бүгін сағат 10:05-те болған.

Өңірлік Туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, Катаев көшесі, 63/1а мекенжайы бойынша орналасқан «Батыр» БЖСМ бокс залында шатыр құлап түскен.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

«Залда ешкім болған жоқ. Таңертең жаттығу болды, шатырдың құлағанын естіген сәтте балалар жедел эвакуацияланды. Мектепте директор мен вахтер болды», – деді Нұрлан Есембаев.

Екі плитаның не себепті құлағанын анықтау үшін комиссия құрылды. Құрамына облыстың ТЖД және МСҚБ қызметкерлері кірді. Ғимарат 1984 жылы пайдалануға берілген. Қазір ғимаратты полиция қоршап, апаттың себебін анықтап жатыр.