Төтенше жағдай бүгін сағат 10:05-те болған.
Өңірлік Туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, Катаев көшесі, 63/1а мекенжайы бойынша орналасқан «Батыр» БЖСМ бокс залында шатыр құлап түскен.Екі плитаның не себепті құлағанын анықтау үшін комиссия құрылды. Құрамына облыстың ТЖД және МСҚБ қызметкерлері кірді. Ғимарат 1984 жылы пайдалануға берілген. Қазір ғимаратты полиция қоршап, апаттың себебін анықтап жатыр.«Залда ешкім болған жоқ. Таңертең жаттығу болды, шатырдың құлағанын естіген сәтте балалар жедел эвакуацияланды. Мектепте директор мен вахтер болды», – деді Нұрлан Есембаев.