Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Арман Өтеғұлов, фото: gov.kz
264
оқылды
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып 54 жастағы Арман Кәрімұлы Өтеғұлов тағайындалды.
Арман Өтеғұлов – 1964 жылы туған. Білімі - жоғары. Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «мал дәрігері», «экономика бакалавры», «экономика ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Әр жылдары:
  • Казталов ауданы әкімінің орынбасары;
  • Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі;
  • Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;
  • Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы;
  • 2020 жылдан бастап бүгінге дейін Теректі ауданының әкімі қызметін атқарды.
Арман Кәрімұлы Өтеғұлов ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, жер қатынастары, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.