Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып 54 жастағы Арман Кәрімұлы Өтеғұлов тағайындалды.
Арман Өтеғұлов – 1964 жылы туған. Білімі - жоғары. Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «мал дәрігері», «экономика бакалавры», «экономика ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Әр жылдары:- Казталов ауданы әкімінің орынбасары;
- Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі;
- Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы;
- 2020 жылдан бастап бүгінге дейін Теректі ауданының әкімі қызметін атқарды.