Опра Уинфри Алматы күзін дүние жүзіне паш етті

Опра Уинфри Алматы күзін дүние жүзіне паш етті

Осылайша небәрі 18 секундтық роликтің арқасында Қазақстан тағы бір рет төрткүл дүниеге танымал болды. Ал оның авторы — Анзор Гасаев есімді қазақстандық оператор. Роликте Кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан Терренкурдағы алтын кілемге оранған серуендеу аймағы бейнеленген. Автордың айтуынша, ол 2020 жылдың қазан айында түсірілген екен. 

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Oprah Daily (@oprahdaily)

"Менің бір досым Алматы-Терренкурда күнде таңертең жүгіріп, спортпен шұғылданады. Күндердің бір күні көздің жауын алар күзгі бейнені телефонына түсіріп алып, Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Сол кезде дрон сатып алған едім. Дереу серуендеу аймағына жол тартып, 5 минутта осы бейнероликті түсіріп алдым. Енді, міне, әлемге әйгілі Опра Уинфридің назарына ілігіп жатырмыз. Істеген жұмысың бағаланып, көрермен көзайымына айналып, ел-жұртқа шаттық сыйласа, одан артық бақыт бар ма?!. Еңбек етуге деген құлшыныс арта түсті!.." — дейді Анзор Гасаев.