Қазақстандық "Патруль" телехикаясының лицензиясын польшалықтар сатып алды
Қазақстандық "Патруль" телехикаясының лицензиясын польшалықтар сатып алды
"Патруль" ттелехикаясын польшалық компания қайта түсірмек © Brod.kz
318
оқылды
Қазақстандық телеөнім польшалық «Polot media» компаниясы басшыларының назарына ілігіп, «НТК» телеарнасындағы телехикая өндірісіне лицензия сатып алу туралы келісімшартқа отырды. Бұл туралы телеарнаның бас продюсері Айкүміс Сексенбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
Шетелдік компания өкілдері әуелгіде әлеуметтік желідегі "Патрульден" алынған қысқа роликтерге назар аударыпты. Содан соң польшалық компания отандық телеарнамен байланысқа шығып, телехикаяның толық нұсқасын көріп шығады. Сөйтіп, алғашқы маусымын түсіру туралы шешім қабылдайды.
"Польшалық көрерменге тартатын телеөнім сол елдегі тұрмыс-тіршілікке орайластырып өңделеді. Демек, негізгі сюжеттік линия мен кейіпкерлер со күйі қалады. Мұнда өзгеріске ұшырайтыны тек кейбір қалжыңдар мен диалогтар болмақ. «Polot media» компаниясы қазіргі таңда бірінші маусымдағы бөлімдерді аударып, сценарийді польшалық көрерменге арнап бейімдеп болды. Режиссёрін белгілеп, басты рөлдерді сомдайтын актёрлерге кастинг жүргізіп, түсірілім жасалатын жерлер іздестіріліп жатыр", - дейді Айкүміс Сексенбаева.
Айта кетер жайт, «Polot media» – Польшадағы телеөнім өндіретін жетекші продакшн компанияларының бірі. Бұған дейін олар «Физрук», «Кухня», «Ивановы-Ивановы», «Универ» сияқты ресейлік телехикаяларды өз көрерменіне арнап бейімдеген болатын.