Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 8 млн. теңге салынған сейфті ұрлап кеткен 2 адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. «102» жедел арнасына 35 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Айтуынша, сағат 07.30-09.30 аралығында белгісіз біреулер терезе арқылы үйіне кіріп, ішінде алтын сақина, құжаттар, 1843 жылы шығарылған мыс монетасын, «Еңбегі үшін» медалі және 8 000 000 теңге сақталған сейфті ұрлап кеткен. Осының салдарынан келтірілген материалдық шығынның жалпы мөлшері 10 млн. теңгені құрады.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотталған 30 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олар ұрланған мүлікті ішінара қайтарған. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 4-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталды. https://www.youtube.com/watch?v=H4wy6beMGJg