Көптеген жылдар бойы бір ортада өмір сүріп, бірге тіршілік етуінің нәтижесінде Қазақстан халықтарының ортақ тарихы мен тағдыры дамыды. 130-дан астам этнос осында шоғырланып, қазақ жеріне сіңісіп кеткені хақ. Сондай ұлттардың бірі – поляктар, КСРО-ның ұлттық негіздегі репрессиялық саясатының құрбаны болған көптеген топтардың бірі. Олардың көпшілігі Қазақстанда мәңгілікке қалды. Бүгінде Қазақстанда 34мыңнан аса поляк тұрады, олар Қазақстанның көпұлтты халқының құрамына соңғы болып қосылған этникалық топ дейді Алматы қалалық Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші топ ғалымдары М.Қалыбекова мен Ә.Болатхан.
Халықаралық жағдайдың шиеленісуі мен нақты соғыс қаупі жағдайында Кеңес мемлекетінің ұлттық саясаты репрессиялық сипатқа ие болды. 1939-1940 жылдары КСРО мен Германия арасындағы жасырын келіссөздер мен қазір Молотов-Риббентроп пактісі КСРО-ның Балтық жағалауы елдерін, Батыс Украинаны, Батыс Беларусь пен Бессарабияны қосуына әкелді. Көп ұзамай бұл аймақтарды кеңестендіру мен ұжымдастыру үшін дүрбелең науқаны басталды, «кулактар», сондай-ақ режимге қарсылық білдіруге қаупі бар халықтардың барлық өкілдері жоспарланған жүйе бойынша Сібірге, Орта Азия мен Қазақстанға жер аударылды. Сол кездері Батыс Украина мен Батыс Беларусь территориясында 1939-1940 жылдары нацистік әскерлердің Польшаға басып кіруі салдарынан туған жерінен босып кетуге мәжбүр болған Поляк ұлтының көптеген өкілдері де өмір сүрген-ді. Алғашында 1936 жылы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі «Украинадан қоныс аударушылар туралы» декрет қабылдады, оған сәйкес Украинада тұратын поляктар Қазақстанға қоныс аударды. Оларға «саяси сенімсіз элементтер» деген әлеуметтік мәртебе берілді. Поляктарға қарсы тағы бір репрессиялық әрекет 1939-1941 жылдары болды. Қазақстан аумағына қоныс аударғандардың басым көпшілігі 1920 жылғы поляк-кеңес соғысына қытысқан әскери қызметкерлер еді. Соғыста ерекшеленгендері украиндар мен белорустар тұратын аудандарға қоныстанып, жергілікті халықтың тәртібін бақылаушы қызметтерін атқарған. Енді КСРО-да оларды «еңбекші халықтың қас жауы» деп жариялап, оларды КСРО-ның ең алыс аймақтарына көшіре бастаған. Айта кету керек, олардың этникалық құрамы әр түрлі болды. Көпшілігі поляктар болғанымен, арасында еврейлер, украиндар, белорустар, немістер және басқа ұлт өкілдері де болды. Қазақстан КСРО-да қуғын-сүргінге ұшыраған поляктарды қоныстандырудың негізгі аймағының біріне айналады. Польшаның қуғын-үргінге ұшыраған офицерлері мен басқа да шенеуніктерінің 66 мыңға жуық отбасы мүшелері Қазақстанда эмиграцияда болды. 1940 жылы Солтүстік Қазақстанға, Павлодар, Ақмола, Талды-Қорған, Алма-Ата және Жамбыл облыстарына көптеген жер аударылған пойыздар жіберілді. Қарағанды облысының мемлекеттік архивінің мәліметінше, Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстан аумағына поляк ұлтының 104 өкілі жер аударылған. НКВД органдарының поляктарға қарсы қырғыны Қазақстанда да жалғасты. Олар елде «халық жауы» деген атпен келді. 1941 жылдың шілдесінен кейін НКВД тіркеуінің айдарларында «қоршауда қалған», «босқын», «қуғын-сүргінге ұшыраған отбасы» орнына «бұрынғы поляк азаматтары» деген атақ пайда болды. Комиссия ғалымдарының айтуынша, КСРО кезінде халықтарды депортациялау институтының жұмысы мекеменің негізі қаланғаннан бастап адам құқықтарының жаппай бұзумен болды. Адам өзіне тағылған заңсыз әрекетті жасағанына немесе жасамағанына қарамастан, күдіктенді. Бұл бассыздық пен қатыгездік Сталиннің жеке басына табынушылық жойылғаннан кейін ғана мемлекеттік машинаның маховкасы тоқтады. Поляктарға арнайы қадағалау 1956 жылы жойылды.