Алматыда көлік төбесіне мініп алған қыздар видеоға түсіп қалды
Алматыда көлік төбесіне мініп алған қыздар видеоға түсіп қалды
179
оқылды
Әлеуметтік желіде қыздардың жүріп бара жатқан көліктің төбесіне отырып алған видеосы тарады. Бейнежазбаға қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсінік берді. https://www.youtube.com/watch?v=il4kpKHXJKA   Әлеуметтік желіде қыздардың жүріп бара жатқан көліктің төбесіне отырып алған видеосы тарады. Полиция департаментінің мәліметінше, аталған көліктің жүргізушісі адамдарды салонның сыртына отырғызып тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.
«Мемлекеттік нөмірі 423 ADV 02 Subaru Legacy автокөлігін басқарған ер адамның кім екені анықталды. Ол - 1996 жылы туған Мешітхан Т. есімді азамат. Ол ҚР ҚК 593-бабының бірінші бөлігінде көзделген жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жауапқа тартылады. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды», - деп жазды қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Instagram парақшасында.