74 жастағы Ресей Федерациясының азаматы 1992 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Ол осы уақыт аралығында Шығыс Қазақстан облысында жалған есіммен өмір сүрген. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, "Іздеу" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында алынған ақпараттың арқасында қылмыскердің ізіне түсу мүмкін болды.
"Семей қаласының криминалдық полиция қызметкерлері 30 жылдай құқық қорғау органдарынан жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Бұл азамат 1992 жылдың ақпанынан бастап адам өліміне әкеп соққан аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған" делінген департаменттің берген мәліметінде.Қашқын күйеу баласын өлтіргені үшін іздеуде болғаны анықталды. 30 жыл бойы ол жалған есіммен өмір сүріп, өзі туралы нақты ақпаратты жасырған. Ер адам өз үйінде ұсталды.