Қазақстан Президенті Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы екі ел аймақтарының арасындағы ықпалдастықты кеңінен қамтып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Башқұртстан Республикасымен жан-жақты байланыстарымыз пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды. Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.