Мүгедек термині қолданыстан шығады

Мүгедек термині қолданыстан шығады

Мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі заң жобасына түзетулер әзірленген және онда «мүгедек» терминін қолдануды алып тастау жоспарланып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты.

Оның айтуынша, сонымен бір­ге мүгедек балалардың ата-ана­сы­ның біреуіне немесе қамқор­шы­сына санаторий-курорттық емделуге тегін жолдама беру қызметі заң­дастырылады. «Заң жобасында «мүгедек» деген кемсітушілік терминін алып тас­тау сияқты нормалар қарас­тырыл­ған. Сонымен бірге мүгедек бала­ны тәрбиелеп отырған отбасы­ға «мүгедек баланы тәрбиелеп отыр­ған отбасы» мәртебесін беру қа­рас­тырылған. Бүгінде мұндай мәр­тебе жоқ. Мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе қам­қоршысына санаторий-курорт­тық емделуге тегін жолдама бері­леді. Бүгінде бұл шара заң­ды түрде бекітілмеген», − деді ви­це-министр ОКҚ алаңында өт­кен брифингте. Сонымен бірге ведомство өкілі мүм­кіндігі шектеулі адам­дар­ды жұ­мысқа орналастыру жө­ніндегі кво­таны орында­маға­ны үшін жұ­мыс берушілердің тө­лем­дерін мін­детті түрде өтеу те­ті­гі заңнамалық түр­де енгізі­летінін атап өтті.

М. ҚАЙРАТ