Астанада жарты миллион теңгенің құбырын ұрлап кеткен ер адам ұсталды
Астанада жарты миллион теңгенің құбырын ұрлап кеткен ер адам ұсталды
Фото: oooferrum.ru
112
оқылды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны әл-Фараби көшесі бойындағы сауда үйінің аумағында тұрған контейнерінен  профильді құбырлар ұрланғанына шағымданған.

Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер ұрлыққа күдікті 21 жастағы қала тұрғынын қолға түсірген.

«Бөгде адамдардың жоқ екенін пайдаланған ол 500 мың теңгенің құбырларын ұрлап кеткен. Ол ұрланған құбырды металл қабылдау бекетіне өткізіп жіберген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін сотты болған күдікті кінәсін мойындап отыр. Оның бұған дейін елорда аумағында жасалған дәл осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде», – деді полицей.