Бұлақ бастан...
Бұлақ бастан...
141
оқылды
Бұлақ бастан былғанды, Бұра тартып тұнғанды. Жайнап тұрған жанардан Байлап тынған құм қалды.   Бұлақ бастан былғанды, Бұйдала,- деп жылғаңды. Жанжал жетіп... Қолымда қанжар кетіп, қын қалды.   Бұлақ бастан былғанды, Тұнығынан тұлданды. Мөлдір кетіп, Мол байлық көлгірге өтіп, ұрланды.   Бұлақ бастан былғанды, Бұла күйде кім қалды? Былғанбаудан емес, Ел былғанудан үлгі алды.   Бұлақ бастан былғанды, Бұлдыратып сырғаңды. Ойлы көздің орнында Ойнақтаған жын қалды.   Бұлақ бастан былғанды, Баспақ етіп тұлғаңды. Текті кетіп, Орнына текешік боп құл қалды.   Бұлақ бастан былғанды, Булықтырып құр қанды; Әлі отырмыз әспеттеп, Әлекі істі қылғанды.   Бұлақ бастан былғанды...  

Абзал БӨКЕН