Қарағандыдан Теміртауға бағыт алған №107 автобуста отырған келіншекті алдымен, ер адамдар күштеп сыртқа шығарады. Сосын арасында біреуі әлгі әйелді бетінен тепкілейді. Оқиға 28 қыркүйекте шамамен кешкі сағат 16:30-да болған. [caption id="attachment_163541" align="alignnone" > Оқиға куәгері түсірген роликтен алынған кадрлар[/caption] "Мәдениет үйі" аялдамасынан отырған әйел ішімдікке сылқия тойып алған екен. Болған жайды жолаушылардың бірі телефонына түсіріп алып, оқиғаны бастан-аяқ баяндап берді.
"Артқы орында отырған "аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан" маскүнем келіншек өз-өзіне ие бола алмай, кондуктормен қоса, салонда отырған еркектердің барлығын боқтап-бұралап, жолақысын төлемей қойды. Әлгі әйелмен бірге кірген ер адам бір кезде пышағын жалаңдатып, келіншекті қорғаштай бастады. Бірақ кейін басқа ер адамдар пышағын дереу тартып алды. Сосын Теміртаудағы "Кооператор" аялдамасына жеткен кезде еркектер әйелді сыртқа шығарып алды да, арасында біреуі аяқ-қолын сермеп, күш көрсетті. Қалай болғанда да ондай бассыздыққа баруға болмайды деп ойлаймын", – оқиға куәгері.
Қарағанды облысы полиция департаменті болған жайды растап, осы оқиғаға байланысты оперативтік тергеу жасап жатқанын мәлім етті.
"Бұл ретте ҚР ҚК-нің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда Қарағанды-Теміртау бағыты бойынша қатынайтын автобус пен оның 41 жастағы жүргізушісі және 25 жастағы кондуктордың кім екені мәлім. Ендігі кезекте полиция қызметкерлері құқықбұзушылыққа қатысы бар әйел мен оны ұрып-жыққан ер адамның кім екенін анықтаумен айналысып жатыр".