Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Руслан Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысында туған. Генерал-майор (2003). И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін (1987), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын (2004) бітірді. Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы. 1996-2006 жылдары ҚР ИМ ІӘ жеке құрама бастығының орынбасары – штаб бастығы, жеке жедел, арнайы моторландырылған полк, құрама командирі сияқты әртүрлі қызметтер атқарды. 2006-2008 жылы ҚР ИМ ІӘ Қолбасшысының орынбасары, бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы болды. 2008 жылдың қыркүйегінен 2013 жылғы қаңтарға дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің қолбасшысы. 2013 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы. 2014 жылдың сәуір айынан Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болды.Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.