Ресейде ұрлық жасаған ер адам Қазақстанда ұсталды
Ресейде ұрлық жасаған ер адам Қазақстанда ұсталды
Фото: gov.kz
166
оқылды

Павлодар облысында полицейлер Ресей Федерациясының Омбы облысы бойынша ЖОҚФБ ҚІІБ іздестірген қылмыскерді анықтап, ұстады.

Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаевтың айтуынша, 2013 жылы 29 жастағы ер адам Ресейде ұрлық жасап, ұрлық үшін сотталып, жазасын өтеуден жалтарған.

Полиция ұрының ұсталғаны туралы Омбы облысының құқық қорғау органдарына хабарлады.