Қазан айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады?
Қазан айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: halqym.kz

Батыстан басқа өңірлер әлі де циклонның ықпалында болады.

Батыс Қазақстандағы ауа райына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласады. Түнде және таңертең тұман түседі. 1 қазаннан бастап солтүстік-батыс антициклоны батыстан шығысқа қарай ығысып, жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы төмендейді. Түнде солтүстік, шығыс және орталықта 1-6 градус суық, күндіз 2-7 градусқа дейін жылы болады. Еліміздің солтүстік-батысында түнде термометр 6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 3-13 градус жылы болады. Оңтүстікте түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз температура 8-13 градусқа дейін төмендейді.

Батыста ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 15-18 градус жылы болады.