Қазақстанда теңгемен кредит алатындар қанша процентке көбейді?
Қазақстанда теңгемен кредит алатындар қанша процентке көбейді?
Фото: exclusive.kz
226
оқылды

Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі бір айда 7 221,5 млрд теңгеге дейін 1,0%-ке, жеке тұлғаларға – 9 235,0 млрд теңгеге дейін 4,2%-ке ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 14 560,6 млрд теңгеге дейін 3,2%-ке көбейді. Оның ішінде заңды тұлғаларға кредит 1,6%-ке, жеке тұлғаларға кредит көлемі 4,2%-ке өсті.

Ал шетел валютасындағы кредит көлемі 1 895,8 млрд теңгеге дейін 0,7%-ке азайды. Заңды тұлғаларға кредит 0,6%-ке, жеке тұлғаларға кредит 5,4%-ке төмендеді. 2021 жылғы тамыздың соңында теңгемен алынған кредиттің үлес салмағы 88,5% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды.

Биыл тамызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредит бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі – 11,6% (2020 жылғы тамызда – 11,9%), жеке тұлғаларға – 17,2% болды (17,1%).