Елімізде 17,9 мың Нұрсұлтан мен 2 Қасым-Жомарт тұрады
Елімізде 17,9 мың Нұрсұлтан мен 2 Қасым-Жомарт тұрады

Ranking_kz-тің мәлімдеуінше, Қазақстанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен 17,9 мың адам тіркелген. Оның 15,6 мыңы – ​​қазақ.

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімімен екі адам аталған. Екеуі де қазақ. Ұлттық статистика мәліметі бойынша, сирек кездесетін есімдердің қатарында: Тәңір-Жомарт, Нұрпатшайым, Елбасы, Астана, Қазақстан есімді азаматтарды кездестіруге болады.

Мысалы, елімізде Елбасы есімімен аталған 67 адам бар. Қазақстан – 32 адам, Астана есімі 26 жанға қойылған. Ең қызығы, Теңге есімді 86 адам ортамызда жүр.