12 мың қатысушы Ashyq жүйесінен 2 аптаға шығарылады
12 мың қатысушы Ashyq жүйесінен 2 аптаға шығарылады
Фото: primeminister.kz
362
оқылды
Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті, – деп хабарлады primeminister.kz. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады. Соңғы екі аптада COVID-19 аурушаңдығы 60%-ға, өлім деңгейі 80%-ға төмендеді. Инфекциялық төсек орындары жүктемесі деңгейінің 56%-дан 33%-ға дейін, реанимациялық төсектердің жүктемесі 45%-дан 32%-ға дейін төмендегені байқалады. Сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты ведомствоаралық комиссия барлық санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып, брифингтер мен баспасөз конференцияларын күндізгі режимде өткізу туралы шешім қабылдады. Осылайша, елдегі Орталық коммуникациялар қызметі мен өңірлік коммуникациялар орталықтары базасында Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар БАҚ өкілдері офлайн форматта баспасөз конференцияларына қатыса алады. Комиссия отырысы барысында ел өңірлеріндегі коронавирус инфекциясына қатысты ахуал және азаматтарды вакцинациялау деңгейі туралы баяндамалар тыңдалды. Премьер-министрдің орынбасары өңірлерге иммундау қарқынын төмендетпеуді тапсырды. Сонымен қатар ВАК келушілердің мәртебесін тексермейтін Ashyq жүйесінің 12 мың жосықсыз қатысушыларын 2 аптаға жүйеден алып тастау туралы шешім қабылдады.