Маңғыстау облыстық Полиция департаменті Ақтауда адамды жерлегеннен кейін 3 сағаттан соң қайта қазып алып, басқа жерге жерлеу дерегіне қатысты түсініктеме берді.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабының 1-бөлігі ("Өлген адамдардың мәйiтiн және олар жерленген жерлердi қорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.Бұған дейін Ақтауда жерленген ер адамның мәйітін 3 сағат өткен соң қабірден қайта қазып алғанын жазған болатынбыз.