Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарлама аясында облыста 5 жылға жоспарланған 1814 іс-шараның 25%-ті орындалған. Жыл басынан бері 308 мың шаршы метр тұрғын үй, 72 км газ құбыры, 46 км су құбыры және кәріз желілері салынған, 1,4 мың км жол жөндеуден өткен. 4 жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 60,4 млрд теңге сомаға мыңнан астам жобаға қаржылық қолдау көрсетілген. 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.
«Сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында мұнда күрделі жөндеу жүргізіліп, заманауи жабдық сатып алынған. 654 білім алушы үшін 26 тегін үйірме, оның ішінде бағдарламалау студиясы, робототехника, жасанды интеллект, балама энергетика зертханалары және басқалары қолжетімді. Оқытушылар арасында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында туған жеріне оралған Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалалары жоғары оқу орындарының түлектері көп екенін атап өткім келеді», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.«Nur Otan» Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, аға буынға қамқорлық таныту – партия басымдықтарының бірі. Бүгінде Қарағанды облысында 200 мыңнан астам егде жастағы адам тұрады. Сондықтан Қарттар күні қарсаңында ол Қарағандыда «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ашылған Белсенді ұзақ өмір орталығында болды. Мұнда аға буын үшін лингафон сыныптары, би және спортпен айналысу залы, сондай-ақ шығармашылық және оқу сыныптары қолжетімді. Қарт кісілерді белсенді қоғамдық өмірге тарту үшін мұндай орталықтар бүкіл ел көлемінде ашылатын болады.
«Осы бастаманы жүзеге асыруға «Болашақ» корпоративтік қоры өлшеусіз үлес қосуда. Бүгін Қарағандыда №5 және №102 мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттеріне баратын оқушылардың ата-аналарымен кездестім. Ата-аналардың айтуынша, заманауи әдістемелер мен болашақтықтар оқытқан мамандардың арқасында балалардың әлеуметтік және академиялық дағдылары жақсарып, мінез-құлқындағы проблемалары азайған», – деді ол.Жалпы, «Болашақ» қоры өңірлерде 59 мамандандырылған оңалту мекемесін ашып, жабдықтаған, оның ішінде 22 қалада 43 инклюзияны қолдау кабинетін ашқан. 2 мыңнан астам ерекше білім алуға қажеттілігі бар бала қамтылған. Олардың көпшілігі сөйлеуді үйреніп, өз бетінше оқуға көшкен, әртүрлі жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері атанған.