Сөмкесіне оқ-дәрі салып алған екі шетелдік әуежайда ұсталды
Сөмкесіне оқ-дәрі салып алған екі шетелдік әуежайда ұсталды
185
оқылды
Германия азаматтары Алматы әуежайында оқ-дәрімен ұсталды, - деп хабарлайды Полиция департаменті. 28 қыркүйекте Қазақстанға Алматы - Франкфурт әуе рейсімен ұшып келген 64 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйел ұсталды. Тексеру кезінде 30-6 мм және 300 мм калибрлі патрондар табылды. Ұсталғандарға әкімшілік хаттама толтырылған. Әрқайсысына 10 АЕК (29 170 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сол күні Алматы әуежайында 1979 жылы туған Алматы облысының тұрғыны ұсталды, ол Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан әуе кемесінің бортына электр шоқпарымен кіруге тырысқан. Әкімшілік хаттама толтырылып, сот-электротехникалық сараптама тағайындалды.