Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: news.myseldon.com
Қазгидромет синоптиктері бейсенбі, 30 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Қызылорда облысының орталығында солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысының шығысында және таулы аймақтарында жел соғады, екпіні секундына – 15-20 метр. Павлодар облысының орталығында тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша астанада 30 қыркүйекте тұман және көктайғақ болатынын мәлімдеді.