Алматыда нормативті мерзім бойынша жылу беру маусымы 15 қазанда басталады, алайда күн салқындап кетсе, жылу ертерек берілуі мүмкін. Бұл туралы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Евгений Па Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.
«Нормативті мерзім бойынша қалада жылу 15 қазанда беріледі. Алайда егер ауаның орташа тәуліктік температурасы 5 күн қатарынан +8 градус және одан төмен болса, 15 қазанды күтпейміз. Күн күрт суып кеткен жағдайда бірден жылу қосатын боламыз. Қала жылыту маусымына 100% дайын деп айтуға болады», – деп жауап берді Евгений Пак.Жылыту маусымы басталғанда, әдетте, ең алдымен, әлеуметтік нысандарға, оның ішінде, мектептер мен мектепке дейінгі оқыту нысандарына, білім беру орындарына жылу қосылады. Содан соң көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі. Содан соң өзге нысандардың бәріне беріледі.