Астанада бір күнде 90-нан астам жол апаты болды

Астанада бір күнде 90-нан астам жол апаты болды

Полиция департаментінің мәліметінше, бір күнде 90-нан астам жол апаты тіркелді.

«Ауа райының қолайсыздығынан бір тәулікте 91 жол апаты тіркелді. Жол тайғақ, оның үстіне түнгі аяз басталды. Сондықтан көлік жүргізушілері кенеттен маневр жасап, кілт тоқтаудан аулақ болғаны жөн», – дейді полицейлер.

Түнде көпір үстінде болған жол апаты салдарынан бес адам көз жұмды.