Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов хабарлады.
Оның айтуынша, қысқы спорт түрлерінен жүлде алу қиын. Себебі, ұлттық құрамада резерв жоқ. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада келер жылы 4 ақпанда басталады. Оған әлемнің 90-нан астам елінен спортшы қатысады.Биыл Қазақстан спортшылары жазғы Токио Олимпиадада бірде-бір алтын медаль алған жоқ. Президент Токио Олимпиадасынан сабақ алуымыз керек деген болатын.