Тоқаев Каспий итбалығы популяциясын көбейту керектігін айтты
Тоқаев Каспий итбалығы популяциясын көбейту керектігін айтты
© inform.kz
269
оқылды
Президент Каспийдің солтүстігінде мемлекеттік резерваттарды құру мүмкіндігін қарастыру керектігін атап өтті.
-Каспий итбалығы популяциясының төмендеуі мәселесі өзекті болып тұр. Ол екі елдің де Қызыл кітабына енген. Осы бірегей жануарды сақтауға, олар мекендейтін әрі көбейетін территориясын қорғауға қатысты кідіріссіз іс-шаралар керек. Сондықтан Солтүстік Каспийде мемлекеттік резерваттарды құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей президенттері қатысқан XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында.