Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста Петров Константин Викторович Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары болып қайта сайланды. Орталық сайлау комиссиясы хатшысы болып комиссия мүшесі Щегорцова Анастасия Геннадьевна сайланды. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы хатшысы қызметін атқарған Мұстафина Сәбила Сапарқызы ОСК мүшесі ретінде комиссиядағы қызметін жалғастырады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы ОСК отырысында сайланады. Қаулының мәтінімен мына жерден танысуға болады.