СҚО-да ер адам Қызыл кітапқа енген аққуды атқан
СҚО-да ер адам Қызыл кітапқа енген аққуды атқан
Фото: sibirds.ru
454
оқылды
СҚО-да полицейлер қызыл кітапқа енген сұңқылдау аққуды атқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО ПД баспасөз  қызметінің мәліметінше, 4 қыркүйектен суда жүзетін құстарды аулау маусымы ашылғаннан бастап полиция қызметкерлері мен қорықшылар аң аулау қағидаларын сақтауды тексеру үшін рейдті күшейтті. Бірлескен рейдтің бірінде Айыртау ауданында егіс алқабына жақын ағаш дайындау бригадасының жанында сұңқылдақ аққудың қалдықтары табылды.  width= Оқиға орнына келген жедел-тергеу бригадасы жұмысшылардың бірі қызыл кітапқа енген құсты заңсыз атуға қатысы бары екендігін анықтады. Күдікті – Ғ.Мүсірепов  ауданының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Оқиға орнын қарау барысында аққудың қалдықтары, дара ұңғылы 16 калибрлі «ИЖ-18» қаруы, атылған гильза мен оқталған патрон алынды. Бүгінгі таңда облыста облыста экологиялық қылмыс саласындағы 17 қылмыстық іс тіркелген.