Қарағандыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Қарағандыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Фото: ekaraganda.kz
135
оқылды
Қарағанды облысы Саран қаласының маңында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Жол апаты 29 қыркүйек сағат 19:30 шамасында болды. №127 маршруттық автобус Саран маңындағы тасжолда трактормен соқтығысқан.
«Барлығы 21 адам зардап шекті. Оның бесеуі Мақажанов клиникасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы орташа ауыр. Қалғаны амбулаторлық емделуге жіберілді», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
https://www.youtube.com/watch?v=UxjHkIvEweQ&feature=emb_title