Қазақстандық жеңілатлеттер Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Қазақстандық жеңілатлеттер Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Қазақстан өкілдері жеңіл атлетикадан 20 және 18 жасқа дейінгілер арасында Ашық Азия чемпионатына қатысты. «Қыркүйектің соңғы күндері (29-30.09. 2021) Ташкент қаласында (Өзбекстан) жеңіл атлетикадан 20 және 18 жасқа дейінгілер арасында III Ашық Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында «Алтай-Атлетикс» клубының жас спортшылары өнер көрсетіп, жарыстың алғашқы күнінде бірден үш «алтын» медаль олжалады», – деп хабарлады «Алтай Атлетикс» клубының баспасөз қызметі. Рыпакова Анастасия — 5.90 (ұзындыққа секіру), Бромат Валерия — 12.32 (100 м) және Ефим Тарасов — 49.04 (400 м), сондай-ақ Анастасия және Валерия ҚР құрамасы сапында 100 м-ден 4 эстафетаны жеңіп алды.