Қасым-Жомарт Тоқаев Surbana Jurong тобының бас директоры Вонг Хеанг Файнды қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының сингапурлық Surbana Jurong компаниясының бас директоры Вонг Хеанг Файнмен кездесуінде Алматы агломерациясын дамытуға қатысты инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың перспективалары талқыланды. Президентке компанияның Алматы облысындағы G4 City деп аталатын жаңа төрт қаланың құрылысын отандық инвесторлармен серіктесе отырып жүргізу жөніндегі жоспары таныстырылды. Қазір G4 City құрылысының жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасы мен Мастер жоспар әзірленген. Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурмен инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың стратегиялық маңызына тоқталып, аталған жоба бойынша шетелдік серіктестерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні туралы айтты.