Бауырластар ынтымағы артып келеді

бауырластар

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Әзербайжан Милли Мәжілісінің спикері Сагиба Гафаровамен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Әзербайжан басшыларының уағ­даластықтарын заң жағынан қол­дау, сондай-ақ екі елдің жан-жақты өзара іс-қимылын дамытуға ар­налған мүмкіндіктерін атап өтті.

Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова ынтымақтастық жөніндегі топтардың, тиісті коми­теттердің бірлескен жұмысын жандан­дыруды, заңнамалық тә­жірибе алмасуды қолдап, пікір алмасты.

Кездесуде Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанмен қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік пен бауыр­лас халықтар арасындағы достық рухында нығайту үшін бе­рік іргетас қалауға қосқан ерекше үлесін атап өтті. Нұрлан Нығма­тулин­нің айтуынша, бүгін Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакумен ынтымақтастықты тереңдетуге мән береді.

Өз кезегінде Әзербайжан Милли Мәжілісінің спикері Сагиба Гафарова бауырлас елдері­мізді түркі дүниесіне ортақ мәде­ниет, ортақ дәстүрлер, ортақ тарих байланыстыратынын атап өтті.

Сонымен қатар Түркістанда өткен Түркітілдес елдер Парла­менттік Ассамблеясының Х пле­нарлық отырысының қорытынды­лары туралы айтқан Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова отырыста қабылданған шешімдер парламентаралық диалогты ны­ғай­туға, сондай-ақ түркі елдері ара­сындағы жан-жақты ықпал­дас­тықты дамытатынына сенім біл­дірді.

А.СҰЛТАН

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.