Air Astana Орталық Азияның үздік әуекомпаниясы болып танылды

Air Astana Орталық Азияның үздік әуекомпаниясы болып танылды

Air Astana Skytrax World Airline Awards рейтингісінде тоғызыншы рет «Орталық Азияның үздік әуе­ком­паниясы» атанды. Air Astana әуе­компаниясы Skytrax марапаттарын 2012-2019 жыл­дар ара­лығын­да алды. Skytrax марапаттау бағдар­ламасы өткен жылы пандемияға байланысты тоқ­татылған.

«Пандемияның сын-қатеріне қарамастан, жоғары қызмет көр­сету өз маңыздылығын жоғалт­пады», – деді Air Astana-ның президенті Питер Фостер. «Жолау­шыларымызға сенімдері үшін, сондай-ақ аласапыран кезеңде қайсарлық танытқан әріптестеріме ризамын». «Соңғы 18 ай бойы жалғасып келе жатқан әлемдік дағдарысқа қара­мастан, Air Astana әуе­компания­сы ұшу кезінде қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын ұстанып, «Орталық Азияның үздік әуе­компаниясы» санатындағы көш­басшылығын сақтап келеді», – деді Skytrax-тың бас директоры Эдвард Плейстед. Skytrax зерттеуі жолаушылардың қанағаттанушылығын анықтау үшін жүргізіледі. 2019 жылдың қыр­күйегі мен 2021 жылдың шілдесі аралығында 13 миллионнан астам жолаушы сауалнамадан өтті. Әуекомпаниялардың қызмет сапасы жердегі және борттағы қызмет көрсету өлшемшарттары негізінде бағаланды.