Газ өлшеу ісі озық технологияға көшті
Газ өлшеу ісі озық технологияға көшті
215
оқылды

Түркістан облысында екі бірдей газ өлшеу стансасының құрылысы аяқталды.

«ҚазТрансГаз» ұлттық операторы салған еліміздегі бірегей жоба «Жетісай» және «Шардара» газ өлшеу стансалары деп аталады. Олар «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасының құрылымына енгізілді. Енді Өзбекстаннан келетін газ өзімізде бақыланып, еліміздің барлық операторына таратылады. Бұл туралы салаға жауапты ма­мандар айтып өтті. «Бұрын мұн­дай шаралардың барлығы Өз­бекстан мемлекетінде жүргі­зілетін. Енді заманауи құрылғылар Өзбекстан Республикасының аумағынан «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының магистральдық газ құбырлары жүйесіне түсетін газды есепке алуды өлшеу дәлдігін және газ­дың сапалы көрсеткіштерін арт­тыруға мүмкіндік береді. «Же­тісай» және «Шардара» газ өлшеу стансалары газ шығы­нының кө­лемін өлшеу дәлдігіне қол жет­кізіп қана қоймай, сондай-ақ газ компонентінде құбыр металына кері әсер ететін химиялық эле­менттердің болуын уақытылы анықтауға мүмкіндік беретін аса заманауи және дәлдігі жоғары жабдықпен жабдықталған жоба біздің елімізде де бар», – деп атап өтті «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» филиалы ди­рек­то­ры­ның орынбасары Абай Байқұлов. Айта кетейік, «Интергаз Ор­талық Азия» АҚ «Шымкент» ма­гистральдық газ құбырлары бас­қармасының құрылымына енгі­зілген нысанның бірі – «Жетісай» газ есептеуіш стансасы. Өнімділігі сағатына 834 мың текше метрді құрайды. Ауқымды нысан «Бұқа­ра газды ауданы – Ташкент – Біш­кек – Алматы» магистральдық газ құбырының 372 шақырымында орналасқан. Ең соңғы заманауи жабдықтармен салынған станса­ның басты нүктесі – газ өлшеу торабы. Мамандардың айтуынша, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес дүниежүзіндегі ең дәл есептеуіш. Ал дәл осындай екінші нысан «Шардара» газ өлшеу стансасы. Жобалық газ қысымы 7,5 МПа (75 кгс/см2) және өнімділігі сағатына 834 000 м3 болатын «Газли-Шымкент» магистраль­дық газ құбырының 314 шақы­рымында орналасқан. Осынау станса елді мекендерден шалғай және өз аналогі бойынша іс жүзінде бірегей нысан екенін атап өткен жөн. Өйткені тіршілікті қамтамасыз ету және өндірістік процесс электр энергиясының және сумен жабдықтаудың сырт­қы көздеріне қарамастан, дербес жүзеге асырылады. газ өлшеу Мамандар мұндай қос станса елімізде алғаш рет салынып отырғанын жеткізді. Екі стансада да барлық инфрақұрылым жұ­мысы жүргізілген. Елді мекеннен шалғай жерде өте әдемі қалашық бой көтерген. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар қо­нақүй типтес жатын орындармен қамтылыпты. Ал жұмыс жобасы еліміздегі қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерін сақ­тай отырып орындалғаны, жо­баланған нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ете­тін жарылыс және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретінін көруге болады. Әзірге стансаларда сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлі толық қуатында жұ­мысын бастамапты. Әзірге екі ел арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ директоры Ернұр Ибраев осы стансалар бойынша онлайн режимде газ жайында нақты мәлімет алып отыратынын атап өтті. «Бұл ны­сан еліміз үшін аса маңызды сана­лады. Бұдан былай газ өлшеу бо­йынша Өзбекстан Республи­касы мен Қазақстан Респуб­ли­касы арасында ешқандай тү­сінбеушілік орын алмайтын бо­лады. Дәл осындай стансалар біз­дің мемлекет әлі салынған жоқ. Екі станса да ең соңғы тех­нологиялар бойынша бой көтер­ді», – дейді ол. «Жетісай газ өлшеуіш станса жобалау этапынан бастап бұл стансалар ең заманауи құрыл­ғылармен салынды. Әрқайсы­сы­ның диаметрі 400-дік газ өлшеуіш құралы Германиядан шыққан. Халықаралық стан­дарттарға сү­йенсек, дүниежүзі бойынша ең дәл есептеуіш құ­рал осы болып есептеледі, яғни ­әлем­дегі нөмірі бірінші құрал», – деп атап өтті фи­лиал директо­ры­ның орынба­сары Абай Байқұлов.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы