1 қазанға арналған ауа райы болжамы
1 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.ru
155
оқылды

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болады.

Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік жартысында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең солтүстік-батыста, батыста тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз басым бөлігінде жел 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының шығысында, күндіз солтүстігінде тұман болады. Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.