Қырғыз президенті өз үйін баспанаға мұқтаж жандарға берді
Қырғыз президенті өз үйін баспанаға мұқтаж жандарға берді
Фото: sputnik.kz
205
оқылды

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Бішкектегі үйін қайтарымсыз негізде Мемлекеттік ипотекалық компанияның балансына тапсырды.

Бұл үйде Садыр Жапаровтың өзі тұрған.   [caption id="attachment_163895" align="aligncenter" width="1000"]Қырғызстан, Садыр Жапаров, баспана, жаңалықтар, ипотека Фото: sputnik.kz[/caption] Президент бұл үйді 2005 жылы сатып алған. 2010 жылдары басқа жерге көшіп кеткен. Сол уақыттан бастап бүгінге дейін үй мектепке дейінгі балалар мекемесі ретінде жұмыс істеген.

Садыр Жапаровтың айтуынша, «Менің үйім 2021-2026» жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы мұқтаж жандардың баспаналы болуына септігін тигізеді.

Сондай-ақ Қырғыз елінде жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бюджет саласының қызметкерлері дайын үйді жылдық мөлшерлемесі 4%-пен кредитке үй ала алады.

Садыр Жапаров Қазақ еліне сапары кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мен – қазақпын…» деп өлең оқып берген болатын.